Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі Кеңесі) Әзірбайжан Республикасындағы президенттік сайлаудағы бақылаушылық миссиясын атқарды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Түркі Кеңесінің ортақ бақылаушы миссиясы шақыруға сәйкес биылғы жылғы 9 қазандағы Әзірбайжандағы президенттік сайлауларды бақылады.

Түркі Кеңесінің ортақ миссиясы өзінің бақылаушы іс-шараларын Карабахтың басып алынбаған және басым бөлігі босқындар болып табылатын Ағдам ауданының елді мекендерінде жүргізді.

Миссияның құрамына Түркі Кеңесі Хатшылығы қызметкерлері және мүше мемлекеттер Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның өкілдері болды.

Бақылаушы миссия ауданда тіркелген 42 сайлау участкелерінің 24-інде болды. Атап өтетін жайт, Түркі Кеңесінің бақылаушы миссиясы аймақты аралап қайтқан жалғыз халықаралық бақылаушы миссия болды.

Бақылаушы миссия Ағдам ауданының басып алынбаған аумағындағы сайлау үрдісі халықаралық нормаларға сәйкес табысты өткенін назар аударады.

Аталған бақылаушы миссиясы Түркі Кеңесінің мүше мемлекеттерде өткен сайлауларға қатысқан үшінші сапары болды. Түркі Кеңесі Хатшылығы мен мүшелерінен құралған ортақ бақылаушы делегациясы 2011 ж. қазан айында Қырғызстан президенттік сайлауларында Ош қаласында, сондай-ақ 2012 ж. қаңтарында Қазақстан парламенттік сайлаулары шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында бақылаушы жұмысын атқарып қайтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар