Түркі тілдес елдер кеңесінің Бас хатшысы тағайындалды

None
None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Бағдат Әміреев Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдат Әміреев  1959 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келді.

Душанбе мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. 1981-1996 жылдары Йемен, Ливан мемлекеттерінде тілмаш, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ирак мемлекетінде тілмаш қызметтерін атқарған. 

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн мемлекеттеріндегі, Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы болған.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар