Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады. Бұл туралы Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев экономика және сауда министрлерімен кездесуден кейін мәлімдеді, де хабарлайды ҚазАқпарат yuz.uz-ға сілтеме жасап.

«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің 11-ші отырысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою туралы келісімге келдік.

Инвестициялық қордың құрылуы біздің көпжақты қарым-қатынастарымыздың дамуында жаңа негіз болатыны сөзсіз», - деді Ходжаев.

Фото: yuz.uz
Соңғы жаңалықтар