Түркі кеңесінің бейресми саммиті: «Түркістан декларациясы» қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде «Түркістан декларациясы» қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңесіміздің мәртебесін арттырып, институционалды құрылымын нығайту мақсатында оны толыққанды ұйымға айналдыру уақыт талабы. Осы ұсынысты саммит қорытындысы бойынша қабылданатын «Түркістан декларациясына» енгізіп, бекітуді ұсынамын», - деді Қазақстан Президенді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Саммит барысында Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи басқосуды түйіндей келе, тұтас Түркі әлемі маңыз зор «Түркістан декларциясын» қабылдауды ұсынды. Қатысушы тараптар бірауыздан ортақ келісімін білдірді.

«Баршаңызды декларациясының қабылдануымен құттықтаймын. Осымен бейресми саммиттің жұмысы аяқталды. Бірлігіміз жарасып, Наурыздан Наурызға бірге жете берейік», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.


Соңғы жаңалықтар