Түркі кеңесінің бейресми саммиті басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті онлайн форматта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізуде. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысуда.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім еткендей, жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланбақ. Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты Декларация қабылданады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар