+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы ҚР Сыртқы істер министрімен кездесті

2019 жылғы 2 қазан 10:56
Бөлісіңіз:
Түркі Кеңесінің Бас хатшысы ҚР Сыртқы істер министрімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі, Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар
Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер саны артуы ықтимал

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркі кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Бас хатшы мен министр алдағы 2019 жылы 15 қазанда Баку қаласында өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитінің дайындық мәселелерін талқылады. Сөз арасында министр Мұхтар Тілеуберді Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің 7-ші Саммиті барлық мүше мемлекеттердің мүдделеріне қызмет ететін халықаралық ұйымның тарихындағы айрықша оқиға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар Өзбекстанның Түркі кеңесіне толыққанды мүше ретінде кіруіне, Мажарстанның байқаушы ел ретінде Кеңестің Еуропалық офис-өкілдіктің ашылуына, Ұйымның экономикалық векторының нығаюына, оның басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың барысына қанағаттанушылық білдірді.


ҚР Сыртқы істер министрі Бас Хатшыға Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты әрі кеңейту жолындағы жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы Саммит Түркі Кеңесінің мүше елдерінің бірлігін одан әрі нығайту жолында маңызды бір қадам болатынына сенім білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT