Түркі Кеңесіне мүше болатын елдер саны арта түседі - Күршат Зорлу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Түркі әлемі беделді қайраткер ретінде мойындайды, деген пікір білдірді саясаттанушы ғалым Күршат Зорлу «Хабар 24» агенттігіне.

«Оның Түркі Кеңесінің құрметті төрағасы атануы халықаралық қоғамдастықтың абыройын асыра түседі. Және Кеңес мүшелерінің артуына оң ықпал етеді. Елбасы түбі бір түркі елінің байланысын нығайтуға зор үлес қосып келеді әрі туыстас елдердің халықаралық қоғамдастықтармен ынтымақтастығының нығаюына үлес қосты»,- дейді саясаттанушы-ғалым.

Сондай-ақ Күршат Зорлу Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылғандығын атап өткен. «Түркі Кеңесі - Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейінгі 30 жылдық кезеңінде Елбасы Назарбаевтың халықаралық және аймақтық интеграциялық жобаларының ішіндегі ең маңыздысы. Қазіргі таңда кеңеске 4 ел мүше. Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі Кеңесінің өмір бойы құрметті төрағасы болуы алдағы уақытта мүше санының артуына әсер ететіні анық. Себебі Назарбаев әлемдік деңгейдегі қайраткер. Сонымен қатар 1992 жылнан бері Түркі тілдес мемлекет басшыларының саммитіне үздіксіз қатысып келе жатқан мемлекет басшысы», - дейді саясаттанушы.

Соңғы жаңалықтар