Түркі кеңесінде қандай құжаттар қабылданды

None
None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстық көлдің жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мен Мажарстан басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің айтуынша, кеңеске мүше мемлекет басшылары бірлескен декларацияны қабылдады. Аталған құжатта атқарылған жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалған.

«Сонымен бірге, осыдан үш жыл бұрын Астанада өткен соңғы саммитте ел басшылары Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынған болатын. Сол құжат дайын болды. Бүгін тұжырымдамаға қол қойылды. Бұл - өте маңызды құжат. Себебі, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын дамытуды көздейді», - деді Б.Әміреев Түркі кеңесінің VI саммитінен кейін журналистерге берген сұхбатында. 

Бұдан бөлек, бүгін Түркі кеңесінің Бас хатшысы тағайындалды.

Ал Мажарстанға бақылаушы мәртебесі берілді. Өзбекстан болса, кеңестің мүшелігіне өткен жоқ.

Кеңес мүшелері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын да мақұлдады.



фото:https://kabar.kg

Соңғы жаңалықтар