Түркі кеңесі: Садыр Жапаров Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми онлайн режимдегі саммитінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл саммит бастапқыда Түркістан қаласында өтуі керек болатын. Бұл шаһардың тарихи мұра ретіндегі рөлі жоғары. Дегенмен падемия бұл саммит бойынша жоспарды өзгертіп, онлайн режимде ұйымдастырылып отыр. Бұл тұрғыда цифрлық дипломатия жақсы мүмкіндік беріп тұр және осының арқасында байланысқа шығып отырмыз. Баршаларыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ежелден бұл мейрамдағы ортақ құндылықтарымыз түркі тілдес әлемнің негізгі мұрасы. Жаңа жылда Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі ары қарай да халықтарымыздың болашағы үшін жұмыс істейді деген үміттемін», - деді С. Жапаров.

Сонымен қатар Қырғызстан Президенті ҚР Тұңғыш Президенті, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

«Сіздің Түркі кеңесіне қосқан үлесіңіз өте жоғары. Сіздің берген кеңестеріңіз буырлас мемлекеттердің достастығы мен қуатын арттырады деген үміттемін», - деді Садыр Жапаров Елбасы Н. Назарбаевқа қарата айтқан сөзінде.

«Мен саммитке алғаш рет Президент ретінде қатысып отырмын. Бірақ бүгін саммит онлайн өткізіліп жатқанымен, алдағы уақытта бетпе-бет кездесуге мүмкіндік аламыз деп сенемін», - деді ол.

Мұнымен қоса Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке алғысын айтты.

«Мен ресми сапармен барған кезде қабылдағаны үшін екі елдің президенттеріне ризашылығымды білдіремін. Болашақта осы түркі тілдес өзге де елдердің басшыларымен кездесу мүмкіндігіне ие боламын деген үміттемін», - деді Садыр Жапаров.


Соңғы жаңалықтар