Түркі кеңесі ішкі шиеленістерді шешуге септігін тигізуі тиіс - Халил Акынджы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі кеңесі ішкі шиеленістерді шешуге септігін тигізуі тиіс. Мұндай пікірді Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші бас хатшысы Халил Акынджы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркі кеңесі ішкі шиеленістерді шешу жолында өз рөлін атқаруы тиіс. Сонымен қатар ол экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға да септігін тигізуі қажет», - деді Халил Акынджы елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында.

Сонымен қатар ол Кеңес одағы күйрегеннен кейін басталған Орталық Азия экономикалық одағы туралы жобаны еске алды.

«Мұндай одақ құру қажет болды. Өйткені, экономикаларымыз бір-бірін өзара толықтырады. Сонымен қатар бәріміз кеңесе отырып әрі тек өңірлік ынтымақтастық арқылы шешетін проблемалар бар. Мәселен, су ресурстарының жетіспеушілігіне қатысты түйткілді мәселеге тоқталайын. Тәжікстан мен Қырғызстанда су ресурстары, ал қалған елдерде егін алқаптары мол. Сондықтан суды өңір ішінде тиімді тұтынуды қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін бірыңғай орган қажет. Екінші мәселе – өңірлік иелік немесе басқару», - дейді ұйымның бірінші бас хатшысы.

Халил Акынджы Ауғанстандағы тұрақтылықтың сақталуы бүкіл өңір үшін өте маңызды екендігін де баса айтты.


Соңғы жаңалықтар