Түркi кеңесi бiлiм министрлерiнiң II жиыны өтеді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 21 қараша . ҚазАқпарат - Түркi кеңесi Бiлiм министрлерiнiң II жиыны 2013 жылдың 22 қарашасында Түркияның Ескiшехир қаласында өтедi.
Бұл жиын Түркi кеңесiнiң бiлiм беру саласына айрықша мән берiп отырғандығының дәлелi. Ескiшехирдегі басқосуда Кеңеске мүше-мемлекеттер өз араларындағы бiлiм және ғылым саласындағы кең ауқымды iскерліктi дамытуға байланысты бiрқатар мәселелердi талқыламақ. Осы орайда 2013 жылдың 16 тамызында Әзірбайжанда өткен Түркi кеңесiнiң III Саммитiнде Мемлекет басшыларының "Түркі тарихы мен әдебиеті бойынша ортақ оқулықтар мәселесін қоса алғанда, білім саласындағы кеңейтілген ынтымақтастықтың күн тәртібін ілгерілетуде қажетті шараларды жалғастырудың маңыздылыған атап өткенiн және білім беру мекемелерінде мүше мемлекеттердің тілдерін оқытуды құптағанын" айта кету керек. Жиын кезiнде министрлер үстiмiздегi жылы құрылған Түркi университеттер одағының жұмысы, Түркияның «Мәуләна» алмасу бағдарламасына байланысты ынтымақтастық, орта мектеп деңгейiнде оқушылармен алмасу бағдарламасы, ортақ тарих және әдебиет оқулықтарының дайындалуы, мүше-мемлекеттер тілдерінiң таңдамалы сабақтар ретінде қалған мүше-мемлекеттердiң білім беру мекемелерінде оқытылуы, ортақ бiлiм телеарнасы тәрiздi мәселелердi қарастырады.
Соңғы жаңалықтар