Түркі кеңесі Білім министрлерінің 5-ші кездесуі Бішкекте өтті

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - 15 наурыз күні Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Түркі кеңесі Білім министрлерінің 5-іншi кездесуi өтті. Бұл туралы Түркі кеңесінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы Бағдад Әміреев модераторлық жасаған кездесуге Әзербайжан Республикасының Білім министрінің орынбасары Махаббат Валиева, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi Рүстем Биғари, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрiнiң орынбасары Мұстафа Сафран, Түркi академиясының президентi Дархан Қыдырәлi, Венгрияның Адам ресурстарын басқару министрлігінің білім жөніндегі мемлекеттік хатшысы Юзеф Бодис, «Манас» қырғыз-түрік университетінің ректоры және Түркi университеттер одағының бұрынғы төрағасы Сeбахаттин Балджы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінiң проректоры және Түркi университеттер одағының төрағасы Дженгис Томар және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.

Жиын барысында Бас хатшы Бағдад Әміреев мүше мемлекеттер арасында бiлiм беру саласында атқарылған жұмыс туралы хабардар етiп, алдағы уақытта атқаратын жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер президенттері Түркі университеттер одағына айрықша көңіл бөліп отыр. Шолпон-Ата қаласында өткен 6-шы саммит барысында мемлекет басшылары ұлттық заңнамаларға және халықаралық келісімдерге сәйкес студенттер мен оқытушыларға арналған Орхұн алмасу бағдарламасын кеңейтуге бағытталған тиісті қадамдар жасауға шақырған болатын. Осыған байланысты Бағдад Әміреев министрлiк кездесу нәтижесі білім беру саласындағы ынтымақтастық үдерісіне одан әрі ықпал ететініне сенiм бiлдiрдi.
null

Жиын барасында тараптар түркі мемлекеттерінің білім саласы үшін ортақ тарих, ортақ оқулықтар мен алмасу бағдарламаларын одан әрі дамыту жайын ортаға салды. Ал ҚР Білім және ғылым вице-министрi Рүстем Биғари Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Түркі әлемінің 100 тұлғасы» мен «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобалары сияқты көтерген бастамаларға тоқталып, жастар арасында Түркі әлемінің бірегей тарихи жерлеріне өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру арқылы ортақ сана-сезiмiн қалыптастыру маңызды екенiн атап өттi. Ол Орхұн алмасу бағдарламасын жүзеге асыруға және 2019 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін оқушыларға арналған 3-шi алмасу бағдарламасын өткiзуге дайын екендігін білдірді.
null

Кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар Түркi университеттер одағының жүлдесiн беру туралы ереже мен Бауырлас мектептер арасында әрiптестiк бағдарламасын құру туралы келісiмге қол қойды. Түркi университеттер одағы Орхұн алмасу бағдарламасының ережесiн бекiтті.

Соңғы жаңалықтар