Түркі инвестиция-интеграциялық қорын құруды тездету қажет –Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркі инвестиция-интеграциялық қорын құру жұмыстарын тездету қажет. Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркі инвестиция-интеграциялық қорын құру жұмыстарын тездету қажет. Бұл - біздің елдерімізге ортақ алғашқы қаржы институты. Бастаманы барлық мүше мемлекеттер пысықтаған соң оның штаб-пәтерін Астана халықаралық қаржы орталығында орналастыруды ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Астана қаржы орталығы халықаралық беделді қаржы институттарының үздік тәжірибесі мен заманауи мүмкіндіктерін біріктірген бірегей алаң екендігін баса айтты.

«Мұнда ислам банкингі және сукук құралдары кеңінен қолданылады. Бұл ұйым Түркі елдеріне кең көлемде инвестиция тартуға жол ашатын ерекше құрылым болмақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар