Түркі интеграциясының 30 жылдығына арналған кітап жарық көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясы бауырлас мемлекеттер тәуелсіздігінің және туыс елдер интегрциясының 30 жылдығына арналған «Түркі дүниесі - 30» атты жинақты жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Twesco.org-ке сілтеме жасап.
Аталған кітапта түбі бір түркі елдері мен халықтары ынтымақтастығының 30 жылдық белесінде елеулі еңбек еткен Халил Акынджи, Гасан Гасанов, Иса Габибейли, Каныбек Иманалиев, Мурат Джуматаев, Күршад Зорлу және тағыда басқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары мен елшілері, сарапшылары мен ғалымдарының естеліктері және пайымды пікірлері жинақталған.
Жыл бойы жүргізілген сараптамалық жұмыс мәресіне жетіп, нәтижесі арнайы басылым ретінде көпшілік назарына ұсынылып отыр.
Қорытынды жинақтағы мақалаларға түркі мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері, көптеген салалар бойынша, соның ішінде ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықтың қайта жаңғыруы, қарқынды дамуы арқау болған.
Соңғы жаңалықтар