+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

«Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елбасы эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтті

2019 жылғы 19 сәуір 17:27
Бөлісіңіз:
«Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елбасы эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кітаптардың тұсаукесерін Назарбаев орталығында Халықаралық Түркі академиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркі интеграциясының архитекторы» кітабында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміндегі рөлін толықтай ашатын бірқатар мемлекет басшыларының, танымал саясаттанушылардың, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пайымды пікірлері мен орамды ойлары топтастырылған. Ал «Елбасы эпопеясы» еңбегі ел тәуелсіздігінің нышаны - Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай шығарылып отыр. Бұл кітапқа «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің әр жылдардағы санында Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуын көрнекі саяси және қоғам қайраткерлерінің көзімен айшықтаған жарияланымдар енгізілген.

«Жақсы кітап - жан азығы. Бүгін бір емес, екі кітаптың тұсауын кесу үшін арнайы жиналып отырмыз. Екі туындының да біз үшін, келешек ұрпақ үшін маңызы ерекше. Ең алдымен, «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабына тоқталайын. Бұл жерде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түбі бір түркі халықтарын өзара жақындастыруға ықпалы туралы мол мағлұмат бар. Елбасының көшбасшылық қасиеттері мен маңызды қадамдарға барудағы даналық қыры толық ашылған. Түркі дүниесіндегі бірлік пен берекені, өзара қарым-қатынасты көздің қарашығындай сақтау - болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Кітап тасқа түскен таңбадай санаға жазылып қалады. Сондықтан, осы кітап қолына тиген әрбір адам біздің тамыры тереңге жайылған бауырластығымызды терең түсінеді», - деді тұсаукесерге келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

null

Министр өз сөзінде «Елбасы эпопеясы» кітабында Нұр-Сұлтан қаласы туралы пікір-пайымдар топтастырылғанын, елорданы қанша насихаттасақ та жарасымды екенін атап өтті.

«Бұл қос басылым әр үйдің төрінде тұратын құнды кітапқа айналады деген ойдамын. Шығармашылық ұжымға, Халықаралық Түркі академиясы мен «Егемен Қазақстан» газетіне зор алғысымды айтамын. Өйткені, бұл - қажырлы еңбектің, үлкен жұмыстың оң нәтижесі», - деді Дәурен Абаев.

null

Тұсаукесер барысында көрермендерге «Түркі интеграциясының архитекторы» атты шағын бейнефильм көрсетілді.

Өз кезегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бір-бірімен етене байланысты қос кітаптың шығуына қолдау көрсеткен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа, құрметті авторларға, тұсаукесерге келіп ілтипатын білдірген ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевқа алғысын білдірді.

null

«Былтыр елордамыздың 20 жылдығына орай ел газеті «Егеменде» 280-нен астам мақала, сұхбат, сараптама, естелік жарық көрген болатын. Олардың қатарында Елбасымен бірге Астананың қадасын қағысқан, елорданың қалыптасуына үлес қосқан тұлғалармен бірге көптеген шетелдік мемлекет қайраткерлері де болды. Бүгінгі Нұр-Сұлтанның дастанын жазған бұл мақалаларды «Елорда эпопеясы» деген атпен топтастырдық. Ал «Түркі интеграциясының архитекторы» деп аталатын екінші кітабымызға негізінен тамырлас, бауырлас ел басшылары, көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арнайы жазған мақалалары мен естеліктері жинақталды», - деді Дархан Қыдырәлі.


null

null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT