Түркі ғалымдары TWESCO алтын медалімен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумында түркі әлемі ғылымының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар елдердің ғалымдары алтын медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы медальдар түркі әлемі ғылымының дамуына, түркологияға орасан үлес қосқан танымал тұлғалар үшін тағайындалған. Халықаралық Түркі академиясы түркі дүниесінің білім мен ғылымның дамуына, сонымен қатар ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқан танымал тұлғаларға осылай құрмет көрсетіп отыр.

null«Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумында филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылымдар академиясының Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет институтының ғылыми жетекшісі (Ресей, Башқұрстан) Фирдаус Хисамитдиноваға алтын медальді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова табыс етті.

Сонымен қатар, алтын медальға филология ғылымдарының докторы, чуваш тілінің зерттеушісі, профессор (Ресей, Чувашия) Николай Егоров ие болды. Медальді ол Моңғолия Ғылым академиясының президенті Регдел Дүгериннің қолынан алды.

Сондай-ақ, алтын медаль филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылымдар академиясы, Тарих-филология ғылымдары бөліміне қарасты Түркологтар комитеті төрағасының орынбасары Олег Мудракқа табысталды. TWESCO-ның алтын медалін тарих ғылымдарының докторы, профессор Чулуун Сампилдандов та иеленді.

Еске сала кетсек, Астанада бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Биылғы форум «Ұлы Дала» ІІІ Астананың 20 жылдығына, сонымен қатар ақын Мағжан Жұмабаевтың 125, жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90, Әзербайжан Халық республикасының 100, Томсеннің Түркі жазуын оқуының 125 жылдығына арналып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар