Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы құжат қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған Түркі тілдес елдердің Іскерлік кеңесіне мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қол қойды.

«Түркі тілдес елдердің Іскерлік кеңесінің отырысына келген барлық қатысушыларды құттықтаймын. Бүгінгі ортақ палата өңірлік және жалпы даму мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған болатын. Қазақстан Үкіметі бұл бастаманы қуана қолдайды және оны дамытуда, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыруда барынша жәрдемдеседі. Аталған шаралар түркі елдеріндегі жеке сектор үшін де өте тиімді, енді бұл ынтымақтастықтан нақты нәтижелер күтеміз», - деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында ашылған Түркі тілдес елдердің Іскерлік кеңесі отырысында.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, жаңа іскерлік ұйым Кеңеске мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын, ішкі туризм, кеден, көлік сынды өзара тиімді салаларды дамытуға серпін бермек.

Соңғы жаңалықтар