Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Түркі елдерінің басшылары Бакуде кездеседі

2019 жылғы 17 мамыр 13:01 237
Бөлісіңіз:
Түркі елдерінің басшылары Бакуде кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезекті VIІ саммиті Баку қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АЭФ: Елордада 9 млрд долларлық 45 келісімге қол қойылды Ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай салады

Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев елорда өткен Түркі елдерінің Іскерлік кеңесінде айтты.

 «Биыл қазан айында Бакуде өтетін жоғары деңгейлі кездесуге қызу дайындық жүргізудеміз. Жиынға Кеңеске мүше мемлекеттердің басшылары қатысады. Бұл кездесу мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығына арналады. Тағы бір маңызды жұмыс - Түркі инвестициялық қорының құрылуы болмақ. Бұл да бизнесіміз бен коорперациямызға көмектесудің маңызды құралы болады. Бакудегі кездесуден бұрын Түркі елдерінің дәстүрлі бизнес-форумы өтеді», - деді Бағдат Әміреев.

Айта кетейік, елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында Түркі елдері сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы құжат қабылданды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT