Түркі елдерінен келген 400-ге жуық студент Түркістанда бас қосты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі дүниесі университеттері жастарының IV жазғы оқу курсы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі университеттің ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Жазғы оқудың ашылу салтанатында университет ректоры Болатбек Әбдірәсілов, ректор өкілі Мехмет Куталмыш сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.

«Сіздердей ынтымағы жарасқан Түркі жұрағатының тату жастары - бауырластық көпірін нығайтуға атсалысып жүргеніне қуаныштымын. Халықаралық статусы бар университетімізде түркі дүниесі студенттерінің білім алмасуы, достық қарым-қатынас орнатуы - туыс елдер арасында алтын көпір болатын игі іс. Алдағы уақытта, университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келіп тіл үйренуге және магистратура, докторантураға оқуға шақырамын. Келешек түркі әлемі бірлігінің негізін салатын сіздердей жастары бар елдің мәртебесі мен мерейі әрқашан биік» - деп, жылы лебізін арнады Б. Әбдірәсілов.

nullУниверситеттің академиялық ұтқырлық бөлімінің хабарлауынша, жазғы курсқа 391 студент келген. Алдағы 3 апта бойы Түркия Республикасынан - 210,  Қырғызстаннан - 73, Өзбекстаннан - 15, Қазақстан ЖОО-нан келген - 93 студент білім алмасатын болады. Жазғы оқу курсы бағдарламасы Түркия Республикасы тарапынан қаржыландырылып отыр.

null«Түркия Республикасынан келген білім алушылар қазақ және орыс тілінде, ал Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген студенттер түрік тілінде дәріс алады. Курста ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында  семинарлар, мәдени бағдарламалар, тарихи-мәдени орындарға, киелі жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылады» делінген хабарламада. 

Шетелден келген жастардың құрметіне оқу орнының өнерпаз студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар