Түркі елдері шет мемлекеттердегі диаспоралармен байланысты нығайтады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Анкарада 8 қарашада  Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесіне қатысушы мемлекеттердің  диаспоралар министрлері мен диаспоралар ұйымдары жетекшілерінің үшінші отырысы өтеді (Түркі кеңесі), деп хабарлайды Анадолы. 

Мәжіліс түрік үкіметі жанындағы шекарадан тыс жерлердегі отандастар ісі жөніндегі басқарманың үйлестіруімен, сондай-ақ Түркия мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсойдың төрағалығымен өтеді.

Кездесудегі қозғалатын басты мәселе, шет елдерде тіршілік кешіп жатқан  Түркі кеңесіне қатысушы елдер азаматтарының байланысын нығайту болмақ.

Отырысқа қатысушылар осы бағыттағы 2018-2019 жылдар аралығында іс-шаралар жоспарын айқындайды.

Мәжіліске диаспоралармен жұмыс жөніндегі Әзербайжан Мемлекеттік комитетінің басшысы Фуад Мурадов, Қазақстанның Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев және Қырғызстанның Мемлекеттік миграциялық қызметі  төрағасы Болотбек Ибраимжанов қатысады.

Еске сала кетсек, Түркі тілдес елдер кеңесі 2009 жылы құрылған болатын.

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түркі кеңесінің құрылтайшылары болып табылады.

Соңғы жаңалықтар