АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Анадолы агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Сердар Карагез Түркі елдері ақпарат агенттіктерінің орталығы туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сердар Карагез түркі елдері ақпарат агенттіктері арасында одақ құрудың маңыздылығын атап өтті.
«Анадолы агенттігінің ең маңызды міндеттерінің бірі – түркі республикаларының ақпарат агенттіктері үшін бірыңғай орталық құру. Болашақта біз оны Ыстанбұлда орналасқан институттық одаққа айналдырамыз.