Түркі дүниесінің журналистері Кония және Кайсери қалаларында болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Башқұртстан (РФ), Хакас (РФ) және Солтүстік Кипр Түркия Республикасынан келген журналистер Кония муниципалитетінің басшысы Тахир Акюрекпен кездесті.

Акюрек өз кезегінде Түркістан аймағының Кониялықтардың ата жұрты екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Акюрек Конияның 300 жыл бойы Анадолы түріктерінің астанасы болғанын, кейіннен Орта Азиядан келген түркілердің Кипрға және Балқанға кеткенін баяндады. Аймақтық және туыстық қарым-қатынастың маңызды екенін, алайда адамдардың тыныштығы мен бейбітшілігінің одан да маңызды екенін атап өткен Акюрек, Түркі-Ислам әлемінің 1200 жылдардағы ең маңызды қалаларының бірі болған Конияны әлемдегі маңызы зор қалалардың біріне айналдыру үшін бар күш-жігерлерін жұмсап жатқанын айтты. Сонымен қатар, Түркі мәдениетінің дамуы үшін еңбек етіп жатқан Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымына бұдан да үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектес екенін жеткізді.

ТҮРКІСОЙ-дың ұйымдастырған бағдарламасы бойынша, Түркі дүниесінің БАҚ өкілдері Кония Журналистер одағының басшысы Сефа Өздемирмен кездесті. 

С.Өздемир өз кезегінде Түркі дүниесінің маңыздылығын  және Түркі халықтарының бірігуі керектігін тілге тиек етті.

Түркияның Кайсери қаласында Түркі БАҚ өкілдері Доғуш балалар симфониялық оркестрінің «Симфониялық Кабере» атты концертін тамашалады. Сонымен қатар, аталмыш делегация Эржиес Университетінде Түркі Дүниесін зерттеу орталығында профессор, доктор Абдулкадыр Ювалының басшылығымен өткен дөңгелек үстелге қатысып, пікір алысты.

Соңғы жаңалықтар