Түркі дүниесінің баспасөз қызметкерлері Анкарада басқосты

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дыниикова/ - Анкарада түркі дүниесі баспасөз қызметкерлері Түркия бұқаралық ақпарат басқармасында (BYEGM) кездесті.

 «Түркі дүниесінің мәдени ықпалдасуындағы БАҚ ролі»  атты конференцияға қатысқан делегация мүшелері ынтымақтастық мүмкіншіліктерін талқылады.

ТҮРКІСОЙ Бас хатшының орынбасары Фырат Пурташтың басшылығымен өткен конференцияда ТРТ Анадолу үйлестірушісі Осман Гөкмен, премьер-министрліктің баспасөз қызметі бөлімі басшысы Бахаттин Акиөн және премьер-министрліктің баспасөз және ақпарат бөлімі басшысы Ариф Гүлен сөз сөйледі.   

 «ТҮРКІСОЙ-дың мақсаты - түркі халықтарының арасындағы бауырластықты арттыру. Тарихамыз, мәдениетіміз, тіліміз ортақ болғанымен де бір-бірімізді жақсы танымаймыз. Арамыздағы қолдан жасалынған шеттетушілікті тоқтатып, түркі мәдениетінің байлығын бүкіл әлемге танытуды қалаймыз. Осы мақсатта баршамызға ортақ БАҚ порталын құру жоспарын маңызды деп білеміз», деді өз сөзінде Фырат Пурташ.

Ал Б.Акиөн шетелдік баспасөз қызметкерлеріне жасалынып жатқан жеңілдіктер жайлы сөз қозғады. Шет мемлекетте тұрып, түрікше хабар тарататын құрылымдарды ынталандыру мақсатында түрлі сайыстар өткізілетіндігін де тілге тиек етті.

Аталған кездесуде А.Гүлен Түркиядағы шетелдік журналисттердің жұмысын жеңілдету үшін біршама жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Сондай-ақ Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымымымен бірігіп түрлі кездесулер ұйымдастырғандарын, Түркі дүниесі БАҚ қызметкерлерінің басқосуларын өткізгендерін де еске салды.

ТРТ Анадолу үйлестірушісі Осман Гөкмен болса, бұл телеарнада баспасөз қызметкерлеріне байланысты бағдарлама дайындап жатқандарынан хабардар етті. ТҮРКІСОЙ-ға мүше мемлекеттерден келген баспасөз қызметкерлері де өз сөздерінде түркі дүниесінің БАҚ қызметкерлері арасында байланыс қалыптастырғаны үшін  аталған ұйымға және  BYEGM-ге өз алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар