Түркі бірлігін насихаттап жүрген ғалымдар мен тілшілер марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында өткен «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференцияда бірқатар ғалымдар мен қайраткерлер және БАҚ өкілдері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркология саласына өз үлесін қосып жүрген ғалымдар  - Әзербайжандық Рамиз Аскеров, Қырғызстандық Абылдажан Ақматалиев,  профессор Бахтиер Каримов, академик Виктор Бутанаев Вильгелм Томсен медалімен марапатталды. Осы саланы дамытуға  әрі саясаткер ретінде еңбек сіңіре білген Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа да  осы медаль салтанатты түрде тапсырылды. Қырғызстан жазушылар одағының төрағасы, Төтенше және өкілетті елшісі, Қырғызстанның халық ақыны Акбар Рыскуловқа Халықаралық Түркі академиясының Күміс медалі табыс етілді.  Конференцияда Түркі тілдес халықтардың бірлігін,  білім, ғылым, мәдениет саласындағы жетістіктерін насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне TWESCO-ның  Исмаил  Гаспыралы атындағы  медиа сыйлығы тапсырылды.null 

«Баспасөз» номинациясы бойынша түркиялық «Өнже Ватан» газетінің колумнисті, ардагер журналист Кемаль Саллы марапатталды. «Телеарна» номинациясы «Хабар» агенттігіне және «Ақпарат агенттіктері мен интернет» номинациясы «Қырғызстанның «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне берілді. 

Сонымен қатар, Түркі дүниесіне  қатысты  жаңалықтар мен елеулі оқиғаларды масс-медиада  ұдайы көрсетіп,  түркітілдес елдердің ақпарат саласындағы байланыстарын  нығайтуға  үлес қосып жүрген  журналистер Әзербайжандық  «Тюркюстан» газетінің бас редакторы Агил Джамал, Туркиялық TRT арнасы Астана өкілдігінің жетекшісі Абдулхамид Авшар, «Түркітілдес журналистер қорының» басшысы Нәзия Жоямергенқызы, «Анадолу ажансы» ақпарат агенттігінің өзбекстандық тілшісі Бақтиор Абдикарисмовқа TWESCO-ның алғыс хаттары табыс етілді.null 

Айта кетейік, TWESCO биыл ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өткізілген форумда бірқатар шешімдер қабылдады. Атап айтсақ, 2018 жылды ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжан жылы»,  ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың  90 жылдығына байланысты «Айтматов жылы» және түркі жазуының алғаш оқылуының 125 жылдығына қатысты «Түркі  жазуы жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, аталған бағыттарда жүзеге асырылған жобаларға атсалысқан ғалымдар мен қайраткерлер Академия тарапынан қолдауға ие болады. null null 

null 

Соңғы жаңалықтар