Түркі әлемінің ұлттық қолөнер шеберлері Оман сұлтандығы Маскаттағы халықаралық қолөнер фестиваліне қатысады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Оман сұлтандығы Маскаттағы халықаралық қолөнер фестиваліне Түркі әлемінен 22 қолөнер шебері қатысады.

Ақпан айының 3-і мен 23-і аралығында өтетін фестивальге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырым (Украина), Дағыстан (РФ) және Татарстаннан (РФ) шеберлер қатысады. Фестиваль стендтерінде түркі халықтарында ежелден сақталып қалған, өте сирек кездесетін қолөнер технологиялары - ағашты ойып әшекейлеу, ортаазиялық миниатюра, қырым татарларының алтын жіппен кестелеу өнері, дағыстандық тақыр кілем, әзірбайжандық түкті кілем және Түркі халықтарының қазақ,  татар, түркімен әшекей бұйымдары көрсетіледі. 

Фестивальге Араб елдерінен, Балқан, Үндістан, Пәкістан, Индонезия сияқты  жалпы саны 40-тан астам елден шеберлер қатысады.

Фестивальдің басты мақсаты - мәдени мұраның маңызды аспектілеріне қызығушылықты арттыру, мұраларды халықаралық және жергілікті дәрежеде дәріптеу, түрлі елдер мен аймақтардан келген шеберлердің өзара шығармашылық пікіралмасуларына жағдай жасау, суретшілерді қолөнер саласынада белсенділік танытуға ынталандыру, материалдық емес мұраның келешек ұрпаққа жетуінің маңыздылығын қоғамға түсіндіру.

Фольклорлық шеруге Қарағандыдан «Аққу» және «Арқа сазы»  атты  2 ұлттық музыка және би ұжымы, сондай-ақ Махачкаланың «Дағыстан» мемлекеттік вокалды-хареографиялық ансамблі қатысады. Сонымен қатар, Андалусиядан және Мексикадан келген вокалды және би ұжымдарын көруге болады.

Түркітілдес мемлекеттер шеберлерінің бұл фестивальге қатысуы ТҮРКІСОЙ мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы тұсындағы ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу (ИРСИКА)  орталығының  бірлескен жұмыстары арқасында мүмкін болды. Түркі халықтарының материалдық емес мәдени мұраларының сақталуы және дәріптелуі ТҮРКІСОЙ-дың ЮНЕСКО бағдарламалары аясында іске асырып жатқан қызметтерінің негізгі бағыты болып табылады.

Соңғы жаңалықтар