Түркі әлемінің аңыздары: Елордада ноғай суретшісінің көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейде ноғай суретшісі Әлібек Қойлақаевтың көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркі әлемінің аңыздары» деп аталатын топтамада түркі халықтарына ортақ философия көрініс тапқан және 80-ге жуық жұмыс қойылған.

«Бұл - менің еңбек жолымдағы ең үлкен көрме және оны жаңа шығармашылық жұмыстарға басқан қадамым деуге болады. Мұнда барлық дерлік жұмыстарым қойылған. Екіншіден, бүгінгі көрмені марқұм досым, қазақстандық ақын Әнуар Омардың рухына арнаймын. Өткен жылды Әнуар қайтыс болды. Ол - менің туындыларыма өлең жазып, қолдау білдірген қазақтардың бірі. Мен үшін қазақтардың бәрі туыс. Қазақстанда менің жұмыстарым жоғары бағаланады, түсінеді. Біздің тарихымыз, түбіміз бір. Баршаңызды өз халқымдай жақсы көремін», - деді Әлібек Қойлақаев көрменің ашылу рәсімінде.

null
null null null
null null

Автор өз жұмыстарында қағаз бен тушьты жиі қолданады және жан мен тәннің өзекті мәселелерін көтеруге тырысады.

«Туындыларым жөнінде көп айтқым келмейді. Олардың өзін сөйлетуге болады. Себебі, мен туындыларыма барымды салдым. Жаһандану, табиғат, тұрмыс, өмір мен өлім, махаббат тақырыптарын қозғадым. Көрмеден әр адам өзін көреді, мазалап жүрген сұрақтарына жауап табады. Менің жасаған жұмыстарым маған емес, көрерменге, халыққа тиесілі», - дейді суретші.
null null null
null

Сонымен бірге, көрмеде «Күлтегін», «Сүйімбике», «Иван Грозный» сынды тарихи тұлғалардың бейнесін көруге болады.

Көрме 2019 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады.

null
null null null null

null

Соңғы жаңалықтар