+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының отырысы өтті

2020 жылғы 21 сәуір 15:45
Бөлісіңіз:
Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы (ТӘҰҒАО) президиумының онлайн форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиын таяуда өткен Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының онлайн саммитінде айтылған ғылыми ынтымақтастықты дамытудың өзектілігіне байланысты ұсыныстары мен тапсырмалары негізінде ұйымдастырылып отыр.

Алғаш рет бейнеконференция түрінде өткен отырысқа Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер, Қырғызстан Ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының І вице-президенті Иса Габиббейли, Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов, Татарстан Ғылым академиясының президенті Салахов Мякзюм және Башқұртстан Ғылым академиясының президенті Гаязов Альфис қатысты.

Осы орайда алқалы жиынға Өзбекстанның алғаш рет ұйымның мүшесі ретінде қатысып отырғанын айта кету керек.

Әлемдегі күрделі кезеңде төтенше жағдайда бас қосып отырған Одақ мүшелеріне Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ризашылығын білідіріп, күн тәртібімен таныстырды.


Сөз басын алған Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының І вице-президенті Иса Габиббейли ғылыми жаңалықтарымен бөлісіп, бейнеконференция форматындағы жиындарды жиі өткізіп тұру керектігін айтып, Одақтың төрағалығын Қырғызстан тарапына тапсырды.

Одақтың кезеңдік төралығын қабылдаған Қырғызстан Ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаев декларация жобасын қолдай отырып, түркі әлемінде COVID-19 індетінің таралуы, белгілері, емдеу әдістері және нәтижелері туралы ортақ ақпарат базасын құруды ұсынды.

Өз кезегінде Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов таяуда ғана үндеу жариялағанын жеткізіп, Қазақстанның Ұлттық биотехнологиялық орталығы (Нұр-Сұлтан) мен Вирусология және микробиология институты (Алматы) сынақтан сәтті өткен вирусқа қарсы сантизайзер – дезинфекциялық құралдарын жасап шығарғанын айтты.

Сонымен қатар, ТӘҰҒАО мүшелігіне Мажарстан мен Тәжікстанды да тарту туралы ұсыныс білдірді.

Одан кейін сөз алған Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер пандемияға қатысты арнайы ғылыми есептің дайындалғанын және оны бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Одаққа алғаш рет ұйымның мүшесі ретінде қатысып отырғанын Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов ғылыми ынтымақтастықты қолдап бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының басқа да басшылары пайымды пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Президум жиыны қорытындысында арнайы шешім қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT