Түркі академиясының президенті: Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдерге толықтай қолдау білдіреміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Халықаралық Түркі академиясы Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығына қарсы бағытталған басбұзарлық әрекеттерді үзілді-кесілді айыптайды». Мұндай пікірді осы ұйымның президенті Дархан Қыдырәлі білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бейбіт азаматтарға және олардың өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын террордың барлық сипатын қатаң түрде айыптай отырып, мемлекеттіліктің іргесіне сына қағатын, елдікке залал тигізетін бұзақылық әрекеттерге түбегейлі қарсы екенімізді мәлімдейміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған шешімдері мен жүргізіп жатқан анти-террорлық операциясына толықтай қолдау білдіреміз», - деді Халықаралық Түркі академиясының президенті.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі ссы сын сағатта бүкіл қоғамның ауызбіршілігін сақтауы және әрбір азаматтың ел билігін қолдауы қажет деп ойлайтынын айтты.

«Қазақстандағы тұрақтылықтың тезірек қалпына келуі тамырлас, бауырлас түркі елдері де үшін аса маңызды.

Сондықтан күрмеуі қиын күрделі кезеңде Қазақ еліндегі әлеуметтік-саяси жағдайдың тез арада тұрақтануын тілейміз» деп түйді сөзін ол.


Соңғы жаңалықтар