Түркі академиясы мен «Еуразия жазушылар одағы» Астанада меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумға келген түркиялық жазушы, «Еуразия жазушылар одағының» төрағасы Якуб Өмероғлу TWESCO-да болып, академия президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Түркі академиясы халықаралық ұйымынан мәлім еткендей, ұйым президенті Дархан Қыдырәлі TWESCO-ның атқарған жұмысы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

Ұйым басшысы түркі интеграциясын тереңдетуде ғылыми-гуманитарлық бағыттармен қатар, әдеби-мәдени байланыстардың да маңызды екендігіне тоқталды.

Өз кезегінде Якуб Өмероғлу түрік қаламгерлері мен қазақ жазушылары арасындағы рухани қарым-қатынастар туралы кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ кездесу барысында TWESCO мен «Еуразия жазушылар одағы» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар ғылыми-әдеби басылымдардың ортақ базасын қалыптастыру, авторлық құқықты сақтау мәселелерінің өзекті екендігін атап өтті. Сонымен қатар қос ұйымның өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуінің артықшылықтары, түркі дүниесіндегі ғылыми-әдеби басылымдардың беделін арттыру турасында пікір алмасты.

 

Соңғы жаңалықтар