Туризмді дамыту: Алакөл адам танымастай өзгереді

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов Үржар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, Алакөлде атқарылған жұмыстар барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға ерекше ден қойып отыр. Биылғы жылы Алакөл жағасын көркейтуге облыстық бюджеттен 817 млн теңге бөліп, бүгінгі күні жағалауды абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Сондай-ақ, Қабанбай ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарына қаражат бөлініп, онда тарихи-археологиялық мұражай ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ең бірінші облыс басшысы құрылыс жүріп жатқан мәдениет үйімен танысып, және оның ішінде болатын мұражай туралы сөз қозғады.
null 

ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мухамедчиновтың  айтуынша мұражайға 3 мың экспонат әкелінбек. Онда «Үржар ханшайымы», екі «Алтын адам», Тарбағатайдың таңбалы тастары, Найманқала, Еміл қаласы, Шығыстан табылған археологиялық заттар және тағы басқа құндылықтар қойылмақ.

nullОдан әрі аймақ басшысы жаңадан ашылған туристік ақпарат орталығында болды. Мұнда туристерге ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде қызмет көрсетіледі. Және әр келген демалушыға Алакөлдегі демалыс үйлері бойынша толық ақпарат алуға мүмкіндік жасалған. Және онлайн режим арқылы демалыс үйлерге алдын ала тапсырыс қабылдайды.

Бұдан кейін облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы орталық арбат пен жағажайды көріп, керемет жұмыстар атқарылып жатқандығын сөз етті. Бүгінгі күні онда Алматы қаласынан келген «Этно-мұра» ЖШС кіші сәулеттік мүсіндерді қойып жатыр.

Әрі қарай Даниал Кенжетайұлы іс-сапарды қорытындылау мақсатында департамент пен өзге де облыстық басқарма басшыларының және Алакөлдің жеке кәсіпкерлерінің қатысуымен үлкен жиын өткізді. Отырыста Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин жұмыстар барысын баяндады.

null«Алакөл жағалауына биылғы жылы жалпы құны 2 млрд 511 млн теңгенің жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Мақаншы-Жаланашкөл» автокөлік жолын орташа  жөндеу  жұмыстарын  аяқтау, «Қарабұлақ-Қабанбай» автокөлік жолын (16 км) жөндеу, Қабанбай ауылындағы мәдениет үйін (мұражай) қайта жаңғырту жұмыстары, «Мақаншы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының материалдық  техникалық  базасын  нығайту, жылжымайтын мүлік нысанын сатып алу, көл  жағалауын абаттандыру жұмыстарына қаржы қарастырылып отыр.  Саябақтың ішін жарықтандыру үшін шамдар орнату, ұзындығы 121 метр  болатын қоршау жасау, «Воркаут» спорт алаңына 530 кв м брусчатка төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 10 маусымда толық аяқталады», - деді аудан әкімі Серік Зинабекұлы.

Жиын барысында аймақ басшысы Семей мен Өскеменнен Жалаңашкөл стансасына аптасына екі рет пойыздар қатынайтындығы туралы және билет бағасы 2800 теңге болатынын айтты. Бұл жаңашылдық әр шығысқазақстандыққа шипалы Алакөлде демалуға мүмкіндік береді.

«Біз туристік инфрақұрылымды кеңейту әрі жақсарту ісін басты міндет етіп отырмыз. Ендігі кезекте демалушыларға жасалып жатқан ыңғайлы жағдайларды одан әрі жетілдіріп, мықты туристік елдермен иық түйістіруіміз керек. Себебі, табиғаттың бұл байлығы кез келген адамды әсерсіз қалдырмай, емдік қасиеттерімен тандандырары айқын», -деді облыс әкімі.

Сонымен бірге Даниал Кенжетайұлы кәсіпкерлерге салықтарын жасырмай, дұрыс төлеуді қадап айтты. 

Соңғы жаңалықтар