Туризм: Түркістанға соңғы үш жылда 281 млрд теңге инвестиция тартылған

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жуырда Түркістан қаласында мейрамхана бизнесі, сервистік қызмет, білім беру орталықтары, бөлшек сауда және франшизалар саласындағы мамандары бір алаңға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы қаланың өсіп келе жатқан халқы, облысқа туристік ағын және салықтар бойынша тартымды жасалған жағдай өңір нарығын франчайзерлер үшін тартымды ететінін атап өтті.

«Түркістан Қазақстандағы болашақтағы ТОП-10 туристік аумақтың қатарына кіреді. Түркістан облысындағы туризмге инвестиция көлемі соңғы 3 жылда (2020-2022 жж.) 281,8 млрд теңгені құрады. Түркістанда халықаралық әуежай жұмыс істейді – бұл Қазақстандағы соңғы 30 жылда іргесі жаңадан салынған алғашқы әуежай. Сондай-ақ қала халқының 2018 жылғы 165 мың тұрғыннан 2022 жылы 218 мың тұрғынға дейін өсуі байқалады. Осы факторлардың барлығы кәсіпкерлердің өңірдің тартымдылығын бағалауы үшін маңызды деп санаймыз», – деді Ермек Кенжеханұлы.

Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков Түркістандағы франшиза нарығын дамыту туралы өз көзқарасымен бөлісті.

«Түркістан – туристік дестинация болғандықтан, мұнда оқиғалық франчайзинг: фестивальдар, симпозиумдар, білім беру іс-шаралары, спорттық жарыстар жақсы дамиды. Жалпы трендтерді ескеру қажет, мысалы, фармацевтикалық франшизалар табысы және олардың соңғы жылдардағы бірнеше рет өсуі. Сонымен қатар Түркістанда шағын әлеуметтік франшизалар нарықты жандандыра алады», – деп атап өтті Бекнұр Кисиков.

Іс-шараға Түркістан облысының кәсіпкерлерін, сондай-ақ Астана, Алматы, Алматы облыстарынан және басқа өңірлерден келген қонақтарды, барлығы 150-ге жуық өкіл қатысты.


Соңғы жаңалықтар