Туризм саласында жұмыс істейтіндерді салықтан босату керек пе

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туризм саласында жұмыс істейтіндерді 5-10 жылға салықтан босату керек. Мұндай ұсынысты Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутат Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың бір саласын, яғни мол әлеуеті бар туризмді дамыту - біздің ел үшін ең қажетті қадам. Бұл бюджетке де, еліміздің болашағына да өте пайдалы сала. Бүгін туризм бағыттарын көтеру үшін оңтайлы ұсыныстар да атап өтілді. Сонымен қатар, осы салада жұмыс істеймін дегендерге кем дегенде 5 немесе 10 жылға бүкіл салықтан босату қажет деген ұсыныс айтқым келеді. Сонда біз бұл саланы көтереміз. Туристер саны артқан кезде, 5-10 жыл алмаған салығымызды еселеп қайтаратынымызға экономист ретінде кепілдік бере аламын», - деп атап өтті О. Өксікбаев.

Осы орайда ол аталған ұсыныстарды алдағы уақытта заңнамада ескеру қажеттігін қадап айтты.

«Салықты жеңілдету туралы айтқанымызда, Қаржы және Ұлттық экономика министрлері үрейлене бастайды. Ал дәл осы ұсыныстан қорқатын ештеңе де жоқ. Осыны біз басты мәселе ретінде қоюмыз керек және Салық кодексіне келесі келетін өзгерістерде бұл ұсынысты алға тартқан жөн», - деп түйді депутат.

Соңғы жаңалықтар