«Туризм PVL» көрмесінде 30-дан аса шатыр құрылды - Павлодар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Туризм PVL-2016» көрмесіне 30-дан аса шатыр құрылды. Соның ішінде Павлодар облысы мен Қазақстан және Ресейдің өзге елді мекендерінен келген мұражайлар, халық қолөнершілері, суретшілер, турагенттіктер қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Осы жерде 15 сурет қойылатын болады. Бұл павлодарлық колледж студенттері, Екібастұз бен Астана қаласынан жас дарынды суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Молдабековтың жұмысы халықтың назарына шығарылады. Сонымен қатар, осында Славян орталығы, «Магия рук» қоғамдық қоры, турагенттіктер және жергілікті мұражайлардан түрлі шығармалар көрсетіледі», - деді Ертіс күні мерекесін ұйымдастырушы, «Павлодар География үйі»-нің басшысы Александр Вервекин. Көрмеге шығарылған туындылардың арасында балалар сурет мектебінің кемелері ерекше көзге түсті.

«Біз кеме үлгілерінің түр-түрін әкелдік. Мысалы, өрт сөндіру кемесі Ертіс бойымен ешқашан жүріп көрмеген. Бір кемені жасау үшін шамамен жарты жылдан екі жылға дейін уақыт кетті. Бұл үлгілер нақты сызба бойынша жасалады», - деді мектептің техника бөлімінің меңгерушісі Руслан Ілиясов.

Соңғы жаңалықтар