+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман

2020 жылғы 19 қыркүйек 16:06
Бөлісіңіз:
Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман

НҰР-СҰЛТАН. ТАСС - ҚазАқпарат – Халықаралық деңгейдегі саяхат үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина енгізуді міндеттеу ең дұрыс шешім.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 18 оқушы коронавируспен ауырды – Білім басқармасы Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі - Маңғыстау Дубайда әлемдегі ең үлкен субұрқақ ашылды

Дегенмен, бәрі эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитініне байланысты, деді РФ Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі Владимир Чуланов. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шынында, егер инфекцияның алдын алатын вакцина немесе өзге тиімді құрал пайда болса – бұл ең оңтайлы шешім болар еді. Себебі вакцинопрофилактика – ең тиімді қорғаныс. Егер осындай вакцина пайда болса, біз атап өткен талаптың енгізілуі мүмкін. Бірақ барлығы мемлекеттердің шешіміне және жалпы коронавирустың тарау жағдайына байланысты болады», - деді Чуланов.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің кеңесшісі Сергей Глаголев жақын жылдары халықаралық саяхат жасау үшін қойылатын негізгі талаптардың қатарына коронавирусқа қарсы екпе жасату болуы мүмкін деп болжаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT