Туризм индустриясы комитетінің басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне Майнюра Мырзамадиева тағайындалды. Бұл жайында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бұрынғы Туризм индустриясы департаментінің төрағасы Марат Иғали өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде АҚШ-та, Ұлыбританияда жұмыс істеді. 2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды», - деп жазды Марат Иғали.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесін одан әрі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №412 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы 185 қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетін қайта құрады.

Соңғы жаңалықтар