Туристік полиция еліміздің алты өңірінде жұмыс істеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Туристік полиция қазіргі таңда Қазақстанның алты өңірінде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелдіктер елімізге келген кезде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа қызмет - туристік полиция құрылды. Әзірге Қазақстанның алты өңірінде - Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Алматы, Ақмола, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында туристік полиция құрылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру жиынында.

Министрдің айтуына қарағанда, туристік полицияның негізгі міндеті - кеңес беру, қызықтырған сұрақтар бойынша туристерді ақпараттандыру, қауірсіздікті қамтамасыз ету болып отыр.

«Қазіргі таңда туристік полиция өзін жағымды жақтан көрсетіп келеді. Қазақстанға келетін елшіліктер мен шетелдік компаниялардан, инвесторлардан көптеген жылы сөздердің келіп жатқанын атап өту керек. Ішкі істер органдарының бұл жүйесі шетелдік туристердің қорғалғанын, кез келген уақытта шағымдана алатынын көрсетіп отыр», - деді министр.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында туристік полиция құрылатыны туралы айтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар