Туристік көпсайыстан ел чемпиондары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданының Қатаркөл ауылында туристік көпсайыстан (шаңғы туризмі) ҚР ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм, өлкетану және экология орталығынан мәлім еткендей, жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен қатар, Астана және Алматы қалаларынан 100-ден астам адам қатысты. Олар 19 команда болып бақ сынады. Оның ішінде Ақмола облысынан «Фирн», «5 Биіктік» және «Синегорье», «Фирн-2» және «Көкше» тәрізді 5 команда жарыс жолына шықты. Сайыс «техникалық», «жеке - командалық» және «кросс-жорық» тәрізді кезеңдерден тұрды.
null null null 

Жеңімпаздар 3 дәреже бойынша анықталды:

Ересектер арасында

«Фирн» Ақмола облысы - 1 орын

«Батыс West-2» Батыс Қазақстан облысы - 2 орын

«Астана Жігер» Астана қаласы - 3 орын

Балғындар арасында

«5 Биіктік» Ақмола облысы - 1 орын

«Батыс West-4» Батыс Қазақстан облысы - 2 орын

«Жеңіс» Қарағанды облысы - 3 орын

Жасөспірімдер арасында

«Фирн-2» Ақмола облысы - 1 орын

«Штурм-65» Астана қаласы - 2 орын

«Батыс West-5» Батыс Қазақстан облысы - 3 орын

Жарыс жеңімпаздарына арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар