Туристердің Жұмбақтасқа шығуына тыйым салу керек пе - министр жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Бурабайдағы Жұмбақтасқа шығуға тыйым салу бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен мұндай ұсынысты қолдай алмаймын. Себебі біздің азаматтардың табиғатты тамашалауға құқығы мен мүмкіндігі болуы керек. Туристер бүкіл ел мақтанатын жерді көру үшін алыс-жақыннан қаншама жол жүріп келеді, сондықтан бәрі ашық болуы тиіс», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әйтсе де, министр көлдің жай-күйі мен табиғи ландшафтына мониторинг жасалуы керектігін ескертті.

«Егер Көбейтұздағыдай табиғатты қорлау фактілері орын алып жатса, онда әлбетте, біз оған тыйым салуымыз да мүмкін. Себебі табиғаттың байлығын сақтап қалу керек. Біз ол байлықты сақтап қана қоймай, ұрпаққа қалдыруымыз керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар