Туристер жиі және сирек тоқтайтын өңірлер рейтингі ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі туристерге қызмет көрсету бойынша көшбасшы және аутсайдер өңірлер рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туристерге қызмет көрсету көрсеткіші тұрғысынан Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр.

2022 жылы Қазақстандағы орналастыру нысандарының қызметін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Олардың 45% астамы үш мегаполисте тоқтаған.

Ал ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.

Алматыға – 1,8 млн турист (417,4 мыңы шетелдік туристер), Астанаға — 1,2 млн-ға жуық (238,5 мың шетелдік турист), Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) барған.


Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған.
Айта кетейік, 2029 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы ішкі туризмді 11 млн адамға, ал сырттан келетін демалушылар санын 4 млн адамға дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін жақында қабылданған Туризм саласын дамыту тұжырымдамасында нақты іс-шаралар көзделген.


Соңғы жаңалықтар