Туристер көруі тиіс Қазақстандағы 10 жер аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Өркен Бисақаев табысы орташа қазақстандықтар отандық демалыс орындарында қанша қаражат жұмсайтындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің әрбір өңірі табиғи және тарихи-мәдени мұраға аса бай, олардың көбі қазіргі таңда да аса танымал болып отырған жоқ. Оның негізгі себептерінің қатарында тиісті ұсыныстар мен инфрақұрылымның, ақпараттың болмауы да бар. Еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары еліміздің шығысында немесе оңтүстігінде не барын білмейді және керісінше. Тіпті туристік компаниялардың өкілдерінің өзі еліміздегі көптеген қалалар мен туристік орындарда болмағандарын мойындайды. Сондықтан өткен айда біз отандық туркомпаниялар үшін Қазақстан бойынша ақпараттық турларға бастама бердік. Бірінші турға Батыс Қазақстанның 4 өңірінен 12 турагенттік пен оператор қатысып, Нұр-Сұлтан, Бурабай, Шымкент, Сарыағаш, Алматы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарын араланды. Оның қорытындысы бойынша ақпараттық турға қатысқан кейбір компаниялар қазір Сарыағаш, Бурабай және Шығыс Қазақстан санаторийлеріне жазғы маусымға турлар сатуды бастады. Бұл тәжірибе басқа өңірлердегі турфирмалардың өкілдерінің қатысуымен жалғасын табады», - деді рrimeminister.kz сайтында сұхбат берген Ө.Бисақаев.

Оныңатап өтуінше, өткен жылы Үкімет Қазақстан Республикасының Туристификация картасын әзірледі. Онда республикалық маңызы бар ТОП-10 нысан және өңірлік маңызы бар ТОП-50 нысан айқындалды. ТОП-10 нысан қатарына Нұр-Сұлтан қаласы, Имантау-Шалқар, Щучье-Бурабай курорттық аймақтары, Баянауыл, Алакөл көлінің жағалауы (ШҚО, Алматы), Балқаш, Алматы өңірінің тау кластері, Маңғыстау мен Түркістан енді. Бұл аймақтардың туризмді дамыту тұрғысынан әлеуеті зор.

«Мемлекеттік бағдарламада аталған аймақтарда қажетті инфрақұрылымды дамыту қарастырылатын болады. Бұл өз кезегінде туристердің онда болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл ретте, ТОП-10 немесе ТОП-50 нысандардың әрқайсысы 100 пайыз зерттелмеген. Тіпті, туристер ағымы қалыптасқан Баянауыл, Балқаш, Түркістанда тек бірлі-жарым адамдар ғана білетін жерлер мен нысандар бар. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама аясында бұл нысандарды ел ішінде де, шетелдерде де ілгерлету бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Біздің еліміз туристерге сан алуан демалыс түрлерін ұсына алады. Демалыс орындарын туризм түріне қарай таңдауға болады. Бірақ мына 10 жерді әрбір адам көруі тиіс: Қайыңды, Бурабай, Бозжыра, Рахман бұлағы, Қорғалжын көлі, Ақтау тауы, әйгілі әнші құмдар, Белуха, Шарын шатқалы, Көлсай және Индер көлдері», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар