Туристер әлемдегі ең үздік музейді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - TripAdvisor  сайты ғаламшардағы үздік музейлердің рейтингін жариялады. Саяхатшылар бірінші орынға Париждегі Музей Орсені қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орсе коллекциясына 850-1910 жылдар аралығындағы европалық мүсіндер мен суреттер кіреді. Ол француз астанасындағы танымалдығы жағынан үшінші музей болып есептеледі.

Ал екінші орынды Нью-Йорктегі (АҚШ) Метрополитен-музейі еншіледі. Одан кейін 2001 жылғы 1 қыркүйектегі теракті құрбандарын  еске алуға арналған Ұлттық мемориал және 9/11 еске алу музейі келеді.

Сондай-ақ ондыққа Лондондағы Британ музейі, Мадридтегі Прадо музейі, Афиныдағы Акропол музейі және Париждегі Лувр кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар