ТүрікПА бас хатшысы ресейлік елшінің өлтірілуін лаңкестік әрекет деп атады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының бас хатшысы Жандос Асанов Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін террористік акт деп айыптайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бакудегі тілшісі.

Ол ТүркПА-ға мүше елдердің әрдайым террористік іс-әрекеттік кез келген түріне қарсы екендіктерін, осыған орай елшінің өлтірілуі ешқандай ақталуға келмейтінін және екі ел арасындағы көршілік қарым-қатынастарды тұрақсыздандыруға алып келетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Ресей Федерациясының Елшісі Андрей Карлов Анкарадағы фотокөрменің ашылуы кезінде қастандық салдарынан көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар