USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Түрікменстанның бейтараптық саясаты бейбіт сипатқа ие – елші

2021 жылғы 24 қараша 14:02
Бөлісіңіз:
Түрікменстанның бейтараптық саясаты бейбіт сипатқа ие – елші

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен Түрікменстанның бейтараптық саясатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ миссиясы: Қазақстан халқының және оның конституциялық құрылымының беріктігіне сенеміз Бүгін Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды Қаңтар оқиғасы: ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ өкілдері үшін брифинг өткізді

«Түрікменстанның бастамасымен 2021 жыл Бейбітшілік және сенім жылы деп жарияланғаны белгілі. Өйткені Түрікменстанның бейтараптығы бітімгершілік, бейбіт сипатқа ие. Біз бүкіл әлемде бейбітшілікті насихаттаймыз», - деді Батыр Реджепов.

Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынасқа тоқталып өтті.

«Орталық Азияда тату көршілік пен достық ахуалын қалыптастыру – Түркіменстанның сыртқы саясатының маңызды аспектісі. Қазақстан Республикасымен достық пен бауырластықтың мызғымас байланысына, қос елдің ортақ көпғасырлық рухани және мәдени қарым-қатынасы негіз бола алады. Қазіргі таңда саяси-экономикалық және сенімді серіктестік негізінде құрылған Түрікмен-Қазақстан диалогы жаңа серпін мен мазмұнға ие. Біздің мемлекеттің өзара ынтымақтастығы жеке мүддені көздемейді. Түрікменстан мен Қазақстан Еуразия кеңістігінде игілікті мақсаттарды жүзеге асыруда екіжақты күш-жігер мен инфрақұрылымды біріктіріп, нәтижесінде ауқымды жобалар іске асып жатыр», - дейді ол.

Дипломаттың айтуынша, екі ел арасындағы бейбіт қарым-қатынастың негізін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түрікменстан республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қалыптастырды.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынас тақырыбында БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT