Түрікменстандағы Nowruz мерекесі несімен ерекшеленеді
Жыл сайын Наурызды тойлауға әлемнің түрлі елдерінен көптеген қонақ келеді.
Мерекенің ең басты жаңалығы «Nowruz ýaýlasy» алаңында түрлі шаралар өтеді. Онда түркімендердің ауылдағы тіршілігін бейнелейтін көлемді экспозиция құрылады. Түрлі кілемдермен әсемделген киіз үйлер қойылады, ауылға үй жануарлары әкелініп, далада қазандар қайнап жатады. Түрлі шеберханалар мен шығыс базары орнатылады. Халықтың көңілін көтеретін әртістер өнер көрсетеді, үздік аспазшылар ұлттық тағамдар әзірлеп жатады.
Бір топ әйелдер дәндерді өңдеудің кезеңдерін көрсетеді. Келесі тапшандарда қамыр жазылып жатады. Далаға орнатылған пештерде күлшелер пісіріледі. Қазандарда пишме, Наурыз тағамдары – семени мен түркімен палауы дайындалып жатады.
Мереке кезінде ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөлінеді. Арқан бойымен жүретін әртістер көңіл көтеруге келген халықты таңдандырады. Балалар асық ойнайды. Қонақтарға киіз үйдің қалай жиналатыны көрсетіледі. Кезінде көшпенді өмір салтын ұстанған шопандар мен аңшылар киіз үйде тұрған. Кейбір көрермендерде оны құрып көруге мүмкіндік беріледі.
Бұрыннан келе жатқан Куштдепти биі биленеді. Жас бахшилар биі көрермендерді ерекше әсерге бөлейді. Онда ұлттық мәдениетке тән қимылдар бар. Бұдан Наурыз мерекесін тойлауда өзгеріс бар екенін, алайда жас ұрпақтың өз салт-дәстүрінен алыс кетпегенін байқауға болады.