Түрікменстанда Меджлис депутаттарын сайлау өтіп жатыр

None
Фото: tdh.gov.tm
АШХАБАД. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Түрікменстанда Меджлис депутаттарын, сондай-ақ халк мәслихаты мен Генгеш мүшелерін сайлау бойынша дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат TDH-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Елде барлығы Түрікменстан Меджилисінің 125 депутаты сайланады.

Велаят Халк мәслахаты мүшелерін сайлау – 240, этрап және қалалық халк мәслихаты мүшелерін сайлау – 960, Генгеш мүшелерін сайлау 5897 сайлау округтерінде өтеді. Дауыс беруді өткізу үшін 2644 сайлау учаскесі құрылды.

Ағымдағы сайлауда 240 сайлау учаскесінен онлайн трансляция жүргізіледі. Бұл дауыс беру процесінің барынша ашықтығын, сондай-ақ ең озық технологияларды пайдалануға ұмтылуды көрсетеді.

Мәжіліс депутаттарын, халк мәслахаты мен Генгеш мүшелерін сайлау бойынша барлығы 3,5 миллионға жуық электорат тіркелген.


Соңғы жаңалықтар