Түрікменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сай, елде 3,43 миллион адам дауыс беру құқығына ие, 2 577 сайлау учаскелері ұйымдастырылған. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін санитарлық-профилактикалық шаралар қабылданып, 300-ден астам учаскеде инновациялық зарарсыздандыру құралдары орнатылған.

Сайлау барысын 2 726 ұлттық бақылаушы, сонымен қатар ТМД елдерінен бақылаушылар миссиясы қадағалап отырады.

Президенттікке үміткер ретінде 9 адам тіркелді. Үш кандидатты саяси партиялар, алты кандидатты ынталы азаматтар топтары ұсынған. Дауыс беру 19:00-де аяқталады.




Соңғы жаңалықтар