Түрікменстанда Каспий елдерінің халықаралық конференциясы өтті

None
None
ТҮРІКМЕНБАШЫ. TDH - ҚазАқпарат – Түрікменстанда Каспий маңы елдерінің үкімет басшыларының қатысуымен «Каспий теңізі: халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесі үшін» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық конференцияға Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен қатар, Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин, Иран Ислам Республикасының вице-президенті Иран Эсхак, Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Новруз Исмаил оглы Мамедов, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттердің өзара іс-қимылын күшейтуге қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Осыған байланысты Гурбангулы Бердімұхамедов Тұңғыш Каспий экономикалық форумын ұйымдастыру туралы түрікмен тарапының бастамасына қолдау білдіргені үшін Каспий маңы мемлекеттерінің барлығына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар