Түрікменстанда халық билігінің жоғары өкілді органы құрылды

None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түрікменстанда халық билігінің жоғары өкілді органы – Халық мәслихаты құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Туркменистан сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 21 қаңтарда Түрікменстан Милли Генгеші (парламенті) және ел қоғамдастығы өкілдерінің бірлескен отырысы өтіп, онда қос палаталы парламентті бір палаталы етіп қайта құру туралы шешім қабылданған.

Ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті заңның жобасы Президент Сердар Бердімұхамедовтың қарауына жіберілген. Мемлекет басшысы оны мақұлдап, қол қойды.

Халық билігінің жоғарғы органын республиканың экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов басқарады, оған парламентшілер ұлт көшбасшысы мәртебесін беруді жоспарлап отыр.


Фото: tdh.gov.tm

Соңғы жаңалықтар