Түрікменстан Президенті Түркі кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түрікменстан Президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Кездесу барысында тараптар Түрікменстанның арнайы мәртебеде Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне кіру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кеңестің желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Бас хатшы Бағдат Әміреев Түрікменстан президентін Түркі кеңесінің соңғы жаңалықтарынан хабардар етіп, Ыстанбұлда 2021 жылдың 12 қарашасына жоспарланған Түркі кеңесінің 8-ші саммиті тақырыбын қозғады.

Б. Әміреев Түрікменстан президентіне Түркі кеңесінің болашақ стратегиялары, Түркі инвестициялық қорын құру жөніндегі жаңалықтар, кеңес мүшесі болып табылмаймын елдермен қарым-қатынас туралы, сонымен қатар Түркменстанның мүше елдермен түрлі салалардағы, атап айтқанда экономика, сауда, көлік және энергетикадағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Түрікменстан басшысы, өз кезегінде, Түркі кеңесінің 8-ші саммитіне қатысатынын растады. Оның айтуынша, көптеген онжылдықтар бойы Түрікменстанның сыртқы саяси бағытының негізгі векторы түркі елдерімен бауырлас қарым-қатынастардың дамуы болып келеді.

Кездесу соңында Түрікменстанның Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі) арнайы мәртебемен кіру мүмкіндіктері талқыланды.


Соңғы жаңалықтар