Түрікменстан президенті сәулеті бірегей нысандарды плагиаттан қорғамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан елдегі архитектурасы бірегей нысандарды плагиаттан қорғау шараларын енгізбек. Тиісті тапсырмаларды Министрлер кабинетінің отырысында президент Гурбангулы Бердімұхаметов жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Түрікменстан бүгін» мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түрікменстан басшысы атап өткендей, бүгінгі күні елде ерекше нысандар мен ғимараттар бой көтеруде. Олардың дені Гиннес рекордтар кітабына да енген.

Осы ретте, бірегей архитектуралық әзірлемелер мен идеяларды плагиаттан қорғау мақсатында, құрылыс келісімшарттарына мердігерден тиісті патентті рәсімдеуді талап ететін тармақ енгізу қажеттігі атап өтілді. Мердігер мен тапсырыс берушінің жауапкершілігі қарастырылуы тиіс.

Қол қойылатын әрбір келісімшарт аталған тармақтарды қамтуы қажеттігін атап өткен мемлекет басшысы, вице-премьер Г.Мырадовқа елде салынып жатқан ірі әрі маңызды нысандарға патенттер беруді жүктеді.

Сондай-ақ Гурбангулы Бердімұхамедов құрылыс бойынша барлық тендерлерді Түрікменстанның Құрылыс және сәулет министрлігі өткізуі тиістігін қадап айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар